Мына арнаға жазыламыз: https://feed.yeldar.org/podcast
iOS (iPhone/iPad)
1) Overcast (ыңғайлы әрі жеңіл)
- App Store → Overcast орнатыңыз.
- Ашып, жоғары оң жақтан + → Add URL таңдаңыз.
- RSS мекенжайын қойыңыз: https://feed.yeldar.org/podcast → Subscribe.
- Эпизодтар тізімі түседі, тыңдай беруге болады.
2) Pocket Casts
- App Store → Pocket Casts орнатыңыз.
- Ашып, төмендегі Discover не іздеу жолағын басыңыз.
- https://feed.yeldar.org/podcast URL-ын толық қойыңыз → шыққан подкасты Subscribe.
3) Apple Podcasts туралы
- iOS-та Apple Podcasts қолданбасында RSS-ті тікелей URL арқылы қосу кейде шектелуі мүмкін.
- Егер сізде Library → … → Follow Show by URL батырмасы көрінбесе, жоғарыдағы Overcast немесе Pocket Casts арқылы жазылған ыңғайлы.
Android
1) AntennaPod (тегін, ашық кодты)
- Play Store → AntennaPod орнатыңыз.
- Ашып, Subscribe → Add podcast via URL (немесе Add podcast).
- https://feed.yeldar.org/podcast қойып, Subscribe басыңыз.
2) Pocket Casts (Android)
- Play Store → Pocket Casts орнатыңыз.
- Ашып, іздеу жолағына толық URL қойыңыз: https://feed.yeldar.org/podcast.
- Табылған подкасты ашып, Subscribe.
3) Podcast Addict
- Play Store → Podcast Addict орнатыңыз.
- Жоғарыдағы + → RSS feed (немесе Add podcast).
- https://feed.yeldar.org/podcast қойып, Subscribe.
Подкастқа неге RSS арқылы жазылу маңызды?
Подкаст қолданбаның өз деректер қоры арқылы емес, подкастың тікелей RSS-арнасы арқылы жазылу - бұл сол подкаcтың “нақты мекенжайына” жазылу деген сөз. Яғни қолданба арадағы делдал болмайды, эпизодтар мен метадеректерді автордың өзінен аласыз.
RSS-ке жазылсаңыз, кез келген уақытта қолданбаны ауыстыру оңай: жаңа плеерге дәл сол URL-ды қойсаңыз болды. Каталогқа байланбайсыз, аккаунт/экожүйе “қамалына” тәуелді болмайсыз.
Көп қолданба өз серверлері арқылы индекстейді, сондықтан эпизодтар сізге кешігіп жетуі, кей бөлімдер көрінбей қалуы мүмкін. Тікелей RSS — автор жаңартқан сәтте-ақ қолданбаңызға түседі.
Болашақта арна мекені өзгерсе, автор ескі URL-дан жаңасына 301-редирект береді — RSS-жазылымыңыз сол бойда “ере” алады. Ал қолданба каталогында ескі/қате карточка қалып қоюы, дубльдер пайда болуы, тіпті шоу жоғалып кетуі мүмкін.
RSS — біржақты оқу арнасы: қолданбаңыз XML мен аудионы ғана жүктейді, жеке деректеріңіз авторға да, үшінші тарапқа да кетпейді. Каталогтар жиі аккаунт сұрайды - негізі ол керек емес нәрсе.
Тікелей RSS арқылы шоуноттар, суреттер, транскрипт, тараулар (chapters) сияқты кеңейтілген метадеректер бұрмаланбай келеді. Podcasting 2.0 тегтері (мысалы, транскрипт, тараулар, донат/“value” мүмкіндіктері) да сол күйі сақталады.
Тікелей RSS — ашық подкастиңнің өзегі. Авторлар мен тыңдармандар платформа ережесі мен модерациясына толық байланбайды; өңірлік шектеулер мен каталога кірмеу мәселелері кедергі болмайды.
Подкастарды іздеуді қолданба каталогынан бастауға болады. Бірақ тапқаннан кейін дәл сол подкастың RSS-сілтемесіне жазылып қойсаңыз, әрі қарай бар жаңартуды түпнұсқадан алып отырасыз.
Тікелей RSS — жылдам, толық, тұрақты, құпия және платформалардан тәуелсіз тыңдау тәжірибесін береді. Сол себепті маңызды шоуларға әрқашан RSS арқылы жазылған дұрыс.
Подкастың RSS-арнасы туралы сұрақ–жауап
С: RSS деген не?
Ж: Бұл — подкастың “жазылу сілтемесі”. Оны плеерге енгізсеңіз, жаңа эпизодтар өзі көрініп тұрады.
С: Қайда енгізем?
Ж: Кез келген подкаст қолданбасында “URL арқылы қосу” бар. Жоғарыда нұсқаулық.
С: Бұл ақылы ма?
Ж: RSS арқылы жазылу — тегін. Интернетке қосыла алсаңыз болды.
С: Қолданбасыз ашсам бола ма?
Ж: Болады, бірақ браузерде XML мәтін шығады. Ыңғайлысы — қолданба арқылы тыңдау.
С: Жаңа эпизод неге бірден көрінбейді?
Ж: Қолданбалар лентаны белгілі аралықпен тексереді (бірнеше минуттан 1 сағатқа дейін). Тізімді төмен тартып Refresh жасаңыз.
С: Офлайн тыңдай аламын ба?
Ж: Көп қолданбада әр эпизодты жүктеп алып, офлайн тыңдауға болады.
С: RSS жеке деректерге қатысты қауіпсіз бе?
Ж: RSS — тек оқу арнасы. Сіз тек эпизод тізімін және аудионы жүктейсіз, жеке деректер жіберілмейді.
С: Достарыма бере аламын ба?
Ж: Иә, бұл — көпшілікке ашық жазылу сілтемесі.
С: Қате шығып тұр. Не істеймін?
Ж: Алдымен сілтемені дұрыс көшірдіңіз бе, соны тексеріңіз, оны басқа қолданбаға салып көріңіз, интернет/ВПН-ді тексеріңіз. Мәселе шешілмесе подкаст авторына жазыңыз.
Соңғы өзгеріс: 01.09.2025.